Білім беру керуені

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2012 жылдың 1қараша  күні  «Білім керуені» Жарма ауданында «Өмір бойы-білім алу» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетті.

 

Білім басқармасы бастығының орынбасары Асамбаев М.Ж., мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және орта мектептердің бөлім бастығы Маткаримова Г.А. мектеп директорларына, оқу-тәрбие ісінің орынбасарларына, балабақша меңгерушілеріне, аудандық білім беру мамандарына арналған «ШҚО бойынша оқушылардың  білім сапасын арттыруда білім жүйесін жаңарту жолдары» атты дөнгелек үстел өткізді.

ЖОО оқытушылары дарынды оқушыларға шеберлік класс жұмыстарын өткізді.

«Шығыс» ӨО, «Дарын», «Восток», «Қосымша білім беру», «Жаңа технология» орталықтарының әдіскерлері физика, химия, математика, биология пәндері бойынша 11сынып тест сұрақтарының қиын тапсырмалары және олимпиада сұрақтары бойынша мұғалімдермен жұмыс жүргізілді.

"АлматыКітап" баспасының 2 сыныптарға арналған ағылшын тілі оқулығы  бойынша дөнгелек үстел өткізілді.

Білім беру сапасының негізгі міндеттері тақырыбында дөнгелек үстел мектеп директорларына ұйымдастырылды.

Мектеп психологтарымен «Іскерлік ойын» жүргізіліп, қиын балалармен  кездесу өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп тәлімгерлеріне мектептегі тәрбие жұмысының жоспарлауы бойынша әдістемелік ұсыныстар, тәрбие сағаттарының үлгілері көрсетілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда «Ата-аналармен білім беру мекемесіндегі серіктестік» презентациясы өткізілді. «Білім  керуенінде» 500 - ден астам тыңдармандар қатысты.

   

 

   

 

 

 

 

 

Ізденіс

Жаңалықтар мұрағаты

«« Апрель 2014 »»
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
141516
17
181920
21222324252627
282930