ШҚО білім басқармасының
бастығы М.М.Ахметованың
облыстық математика және
Физика мұғалімдерінің форумында
«12 жылдық мектепке өту кезіндегі облыстың
білім беру жүйесін дамытудың
басым бағыттары» тақырыбында сөйлеген сөзі.
2012 жылғы 13сәуір
Құрметті әріптестер!
Біздің облысты алғашқы рет пән мұғалімдерінің форумы өткізіліп отыр. Бүгін осы залға математика және физика мұғалімдерінің жиналуы тегін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың математика пәні мұғалімдерінің I Съезінде сөйлеген сөзі «Елдің жылдамдатылған индустриалды инновациялық дамуы жағдайында математика базалық техникалық дисциплинаның бірі ретінде заманауи білім беруде бірінші орынға шықты. Жаңа мақсаттар математикалық білімді жаңарту, олардың болашақта тиімділігін арттырудың нақты механизмдерін анықтау бойынша міндеттер қояды» - бүгінгі күнгі жағдайдағы оның маңыздылығын сипаттайды.
Мен өзім математиктер «қатарына» жататыныма қуаныштымын.
Атақты философ және ойшыл Иммануил Кант 18 ғасырдың өзінде: «Қандай ғылым болмасын онда қанша математика болса, соншама шындық болатынын» данышпандықпен айтып кеткен.
Математиканы «ғылымдар патшасы» деп тегін атамаса керек.
Ол – кез келген ғылымның негізгі тілі, табиғатты танудың басты құралы.
Адамның проблемаларды шешуде жетістікке жетуі, елдің дамуына үлес қосуы көп жағдайда математиканы игерудің деңгейіне байланысты.
Сондықтан жалпы білім беру сапасын жетілдіруді математиканы оқыту сапасынан бастаған жөн.
Білім және ғылым министрлігімен 12 жылдық оқыту үлгісіне көшкенге дейін негізгі пәндермен нақты жұмыстар істеу керек деген шешім қабылданды. 2011 жылы Астанада Қазақстан математика пәндері мұғалімдерінің форумы өтті.
2012 жылы биология және химия пәндері мұғалімдерінің форумын өткізу жоспарланып отыр.
Біздің форумның негізгі мақсаты – математикалық білім беру мазмұнын 12 жылдық білім беруге көшу кезінде талқылау.
Қазіргі уақытта республика Үкіметімен 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі кезеңдік іс шаралар жоспары әзірленді, онда 12 жылдық мектептің оқу үрдісін нормативті құқықтық және ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мерзімдер анықталған.
Біздің облыста ШҚО әкімімен «2011-2015 жылдары12 жылдық білім беруге көшуге дайындық бойынша іс шаралар жоспары» әзірленді және бекітілді.
2008 жылы 12 жылдық оқытуға көшу бірнеше себептерге байланысты 2015 жылға дейін қалдырылған болатын: мектептік білім беру инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, 6 жастағы балаларды оқытуға арналған сапалы жағдайы болмауы.
Қазіргі уақытта біздің облыста 148 балалар бақшасы жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту 86,2 пайызды құрайды (52,9 мыңнан астам), 2010 жылға
өсу – 19,6%.
2012 жылы мектепке дейінгі біліммен балалардың 87%, 2015 жылы - оны 95, 0% жеткізу жоспарланып отыр.
Орта білімде біздің облыста 718 мектеп қызмет етеді, онда 171,2 мың бала білім алып жатыр.
2011 жылы 7 білім беру мекемесі пайдалануға берілді (3-мектеп, 3- балабақша, 1- мектепке қосалқы құрылыс).
2012 жылы пайдалануға 39 білім беру мекемесін беру жоспарланып отыр, оның 27апаттық мектептер, мектепке4 қосалқы құрылыс.
Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның 104 мектебінде, оның ішінде 45 ауылдық және 59 қалалық мектептерде 12 жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименталды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Экспериментке 404 оқушыны қамтумен ШҚО 8 мектебі қатысып отыр, оның ішінде 2 - ауылдық (Глубокое ауданының Уваровт ОМ, Семей қаласыныңПриреченск ОМ), 6 - қалалық (Семей қаласының №7 мектеп лицейі, № 21 ОМ; Өскемен қаласының №1, №16, №19 ОМ, «Комплекс школа-сад гимназия №2 мектеп-балабақша гимназия кешені»).
Мұнда оқу үшін барлық жағдайлар жасалған: ойын аймақтары телевизорлармен, аудио және бейнемагнитофондармен, әртүрлі дидактикалық, сюжетті рольдік дамытатын және үстел үстінде ойналатын ойындармен жарақтандырылған.
Оқушылардың көбі жақсы оқиды, жоғары танымдық мотивтерімен көзге түсіп жатыр, мектеппен қойылған талаптарды жетістікпен орындап жатыр.
Ілім және ғылым министрлігімен 12 жылдық оқыту МЖБС мен бастауыш білім беруге арналған МЖБС негізгі ережелері бекітілді, 12 жылдық білім берудегі оқу пәндерінің құрамы анықталды. Сонымен қатар 12 жылдық мектептің 1 және 8 сыныптарының оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендері әзірленді.
2014 жылы бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» бағдарламасы әзірленіп және сыналатын болады. «Бейіндік мектептің» жоғарғы мектептері(11-12 сынып) ЖОО түсуге бағытталатын болады. Оқыту және бағалау технологиясы ЖОО жақындатылған: кредиттік технологиялар, профилизация, оқытушылардың жоғары біліктілігі. «Бейіндік мектептің» жоғарғы мектептері ЖОО жандарында құрылуы мүмкін.
Облыста 508 мектепте профилизациялау картасы құрылды, оның ішінде 407 мектеп математикалық мектептер.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі жағдайы сапалы білім берудің жаңа, әсіресе жаратылыстану-математикалық циклге көшу болып табылады.
Осы бағдарламалық құжатта «құзыреттілік жолымен негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірленеді және енгізіледі» деп атап көрсетілген.
Математика, физика сабақтарында өз өзін дамытуды, оқушылардың ойлау қабілеттерін, білім алуларындағы өз бетінше жұмыс істеулерін, ақпараттар мен технологияларды басқара алушылықтарын қамтамасыз етуге болады.
Қазақстандық мектептердің 12 жылдық білім беру моделіне өту шеңберінде оқу үрдісіне оқытудың инновациялық ақпараттық және коммуникациялық технологиялары және оқушылардың білім жетістіктерін дамытудың жаңа жүйесі енгізілетін болады.
12 жылдық білім беруге көшудің дайындық кезеңінің шеңберінде орта білім беруде электронды оқыту жүйесін 90 пайызда пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жолдауда «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үрдісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу керек» делінген.
Бүгінгі күні интерактивті ақпараттық білім ортасына ADSL технологиясы бойынша интернетке кең жолақты кіруі бар 143 мектеп кіреді.
Өткен жылы облыстың 11 мектебі «Жалпы сапалы білім беру шарты ретінде оқу үрдісін технологизациялау» пилотты жобасына қатысты.
2012 жылы кең жолақты Интернет желісіне қосылған мектептер үлесі 36,7:% болу керек. Бұл білім беру мекемелерінің жалпы санынан 9,4% электронды оқыту жүйесін енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жолдауда «Білім жастарға тек қана білім бермей, сонымен қатар оны әлеуметтік бейімделу үрдісінде пайдалана ала білу керек»,- делінген.
Білім сапасын арттыру сұрақтарында оқушылардың дарындылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекше орын алады.
2011 жылы біздің балалар халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда көп жетістікке қол жеткізді.
Оқу жылы ағымында 760 оқушы 15 республикалық олимпиадаларда облыс мүддесін қорғады, оның 239 жүлдегер атанды. 9 оқушы республикалық шығармашылық конкурстар жүлдегерлері болды.
2011 жылы ҰБТ нәтижесі бүгінгі күні математиканы оқыту жағдайы жетістікті екеніне көз жеткізді.
2011 жылы математика бойынша орташа бал 16,4 балды құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 5,5 балға артық.
Зайсан ауданының түлектері математика бойынша 18,3 бал, Абай ауданы (18,1 бал), Үржар ауданы (17,5), Жарма (16,8 бал) түлектері жоғары білім деңгейін көрсетті.
Бірақ та, Бесқарағай, Глубокое, Бородулиха, Шемонайха аудандарының мұғалімдеріне математикалық білімнің төменгі деңгейінің себептерін сараптау керек, онда орташа бал 12,5-13 дейін болған.
Мектеп түлектері физика бойынша оқу жетістіктерін жақсартты, орташа облыстық бал 17,7 құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 5,3 балға артық.
Абай (19,3 бал), үржар (19,3), Зайсан (18,9) аудандарының жетістіктерін атап кеткен жөн.
Бізді Шемонайха (14,8 бал), Глубокое (12,6), Бородулиха (12,9) аудандарының физика мұғалімдері жұмысының нәтижелілігі алаңдатады.
Халықаралық рейтингтік жарыстарға қатысу математика және физика пәндерінің мұғалімдеріне әлі де жұмыс істеу керек екендігін көрсетті.
Бұл үшін «Дарын» РҒЗО қызметтің бір бағыты ретінде дарынды балаларды бала кезінен бастап
табу және қолдау жүйесін құруды, сонымен қатар оларды барлық мерзім ішінде қолдауды қолға алды.
Әрбір ауданда «Дарын» РҒПО
бөлімшелерін ашамыз, олар аз қамтылған отбасынан шыққан дарынды балалармен жеке жұмыстар жүргізетін болады. Олимпиадаларға қатысу үшін резервті команданы дайындау қажет.
Облыстық мамандандырылған мектептер ауылдық лицейлермен ынтымақтастықта болады.
Қашықтан өткізілетін олимпиадаларды тек оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер арасында да өткізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауынданиверситеті» және «Зияткерлік мектептер» деңгейіне дейін жеткізу керек делінген.
Ел басшысының тапсырысы бойынша Қазақстанда 6 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» құрылды және жұмыс атқарады, оның екеуі біздің облыста - физика-математикалық (Семей қ) және химия-биологиялық (Өскемен қ) бағытта.
Жолдауда Ел Президенті «Олардың тәжрибесін қазақстандық барлық білім беру жүйесіне тарату, олардың деңгейіне барлық білім мекемелерін жеткізу керек» деп міндет қойды.
Біздің форум осы мақсатты жүзеге асыруға арналады.
12 жылдық оқуға көшу кезінде ең жауапты міндеттердің бірі мұғалімдерді даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру болып табылады.
2007 жылдан 2011 жылға дейін 8 эксперименталды сыныптың 468 мұғалімі (71 %) педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру институттарында курстан өтті.
Бүгінгі күні облыста 1660 математика және 852 физика мұғалімдері жұмыс істеп жатыр, олардың барлығының жоғарғы білімі бар, 20% астамында – жоғарғы категориясы бар.
Ел басшысы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында«педагогикалық құрамның сапасын арттырмай» елдің білім беруін жаңарту мүмкін емес деп атап көрсеткен.
Елімізде мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру жүйесінде қайта құру басталды. Ұлттық педагогтардың біліктіліктерін арттыру орталығы құрылды, оның құрамына педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың Шығыс Қазақстан облыстық институты енді.
Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында педагогикалық шеберлік орталықтары құрылды.
Мемлекеттік бағдарламамен ваучерлік-модульдық қаржыландыруды енгізу жоспарланған. Ваучер ала отырып біздің педагогтар өздерінің біліктіліктерін арттыру үшін ең жақсы нұсқаларды, шетел орталықтарына дейін, таңдай алады.
Мектеп мұғалімдері жаңа бағдарлама бойынша үш айлық арнайы дайындықтан өтеді. Дайындық нәтижесі бойынша мұғалімдерге өздерінің категорияларына қоса жаңа біліктілік деңгейлері
берілетін болады, ол олардың ары қарайғы еңбектерінің төлеміне негіз болады.
ЖОО ынтымақтастыққа көп үміт артып отырмыз.
Облыстық білім басқармасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен, Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтымен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен, Қазақстан Америка еркін университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде ЖОО проректорларымен өткізілген кеңесте ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жасалды.
Сөз оқушылармен профбағыттау жұмыстарының жаңа тиімді үлгілері туралы болды. «Зубр» ақпараттық аналитикалық орталығының соңғы деректері бойынша облыстағы үздік түлектер ресей, сонымен қатар астаналық ЖОО кетудің үлкен ағыны байқалады.
Аймақтық ЖОО түлектермен олардың өз облыстарында оқуларына бағыттау бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу керек. Оған тірек мектептері базасындағы профбағыттаушы орталық желілері, оқушылардың Жазғы академияда білім алулары үшін ЖОО қаладан тыс өндірістік базасын пайдалану мүмкіндік береді.
ЖОО ректорлары пән олимпиадалары жеңімпаздары үшін гранттар жоспарлап отыр. Шығармашылықта жұмыс істейтін мұғалімдер үшін магистратурада оқуға жеңілдік беру. Бүгінгі күні облыста барлығы 13 магистрант бар.
ЖОО дейінгі дайындықта қашықтықтан оқыту, ЖОО оқу орны базасында урбанистикалық жазғы мектептер сияқты үлгілерді пайдалану енгізілетін болалды.
Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі мен «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып жариялаған ынтымақтастықтың бір бағыты «Дипломмен ауылға» Акциясына қатысу болып табылады.
2011 ауылдық елді мекендерге 313 жас мұғалімдер келіп жұмысқа орналасты, оларға 38,8 млн. теңге сомасында қолдау көрсетілді.
Осы жылы имидждік саясаттың жаңа үлгілерін әзірлеу қажет, оның ішінде пән мұғалімдері ассоциациясын құру.
Математика мұғалімдерінің форумы тиімді кәсіптік дискуссиялық алаң ның бірі болатынына және басқа пән салалары үшін жақсы мысал бола алатынына сенемін.
Іс шаралар қорытындысы бойынша резолюция қабылданатын және «ШҚО мектептегі математикалық білімді дамыту: жағдайы мен жетістіктері» материалдарының жинағы шығарылатын болады.
Құрметті әріптестер! Форум қатысушыларына жемісті еңбек, педагогикалық салада жетістіктер және шығармашылық табыс тілеймін!
Біздің форум математикалық білім беруде сапалы қайта ұйымдастыруға алғашқы қадам бола алатынына сенемін.